Жылжымайтын мүлікті сатқанда салық сомасы қалай анықталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлікті сатқаннан мүліктік кіріс алғанда жеке тұлғаларда қандай салық міндеттемесі туындайтыны туралы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құнның өсімін қалай анықтау керек; мүлікті өткізу кезінде нарықтық құнды қолдануға болады ма және басқа да осыған байланысты сұраулар хаттар жиі түседі.

Сонымен дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның мүліктік кірісі қашан пайда болады?

Мүліктік кірістің пайда болуы:

1. Жылжымайтын мүлікті сату:

коммерциялық емес мүлік

тұрғын үйлер (пәтерлер, жеке тұрғын үйлер, жатақханаға бөлмелер), саяжайлар, жеке тұрғын-үй қорына арналған жер учаскелері, бақша учаскелері, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, гараждар.

коммерциялық мүлік

(дүкен, кеңсе, қонақ үй, мейрамхана және т.б.), коммерциялық қызмет үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскелері (осындай жылжымайтын мүлік салу үшін, шаруа қожалығын жүргізу үшін).

2. Салық салу объектісі:

Құн өсімінен түсетін кіріс

коммерциялық емес мүлік - тек қана осындай объектілерге меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз меншік құқығында болатын мүлік.

коммерциялық мүлік-мұндай объектілерді иелену мерзіміне қарамастан.

3. Құн өсімі қалай анықталады:

мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма.

4. Сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда:

· жылжымайтын мүлік бұрын айырбас шарты бойынша сатып алынған (егер айырбас шартында баға болмаса) - меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен мүлік салығын есептеу үшін айқындалған өткізу бағасы мен бағалау құны арасындағы оң айырма.

коммерциялық емес жылжымайтын мүлік бұрын мұра немесе қайырымдылық түрінде алынған:

- осындай мүлік өткізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей айқындалған меншік құқығы туындаған күнгі мүлікті өткізу бағасы мен нарықтық құн арасындағы оң айырма. Нарықтық құнды бағалаушылар анықтайды;

- егер нарықтық құны болмаса, не нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаса-меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен мүлік салығын есептеу үшін айқындалған өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма.

· коммерциялық жылжымайтын мүлік бұрын мұра немесе қайырымдылық түрінде алынған:

- осындай мүлік өткізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей айқындалған меншік құқығы туындаған күнгі мүлікті өткізу бағасы мен нарықтық құн арасындағы оң айырма. Нарықтық құнды бағалаушылар анықтайды;

- егер нарықтық құн болмаса немесе нарықтық құнды анықтау мерзімі сақталмаса-сату бағасы (құны).

· жылжымайтын мүлік бұрын сыйға тарту шарты бойынша алынған:

- жер учаскелерін қоспағанда, коммерциялық емес мүлік (пәтерлер, саяжайлар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, гараждар, жеке тұрғын үйлер) - меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен мүлік салығын есептеу үшін айқындалған мүлікті өткізу бағасы мен бағалау құны арасындағы оң айырма;

- жер учаскелерін қоспағанда, коммерциялық мүлік-сату бағасы (құны);

Жеке тұрғын-үй қорына арналған және коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін жер учаскелері, бақша учаскелері-неғұрлым кеш күндердің біріне мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындаған жер учаскесінің сату бағасы (құны) мен кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма:

жер учаскесіне меншік құқығының туындаған күні;

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күн.

жеке тұрғын үй, бұрын өздігінен салынған:

- осындай мүлік өткізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей айқындалған меншік құқығы туындаған күнгі мүлікті өткізу бағасы мен нарықтық құн арасындағы оң айырма. Нарықтық құнды бағалаушылар анықтайды;

- егер нарықтық құны болмаса, не нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаса-құн өсімі меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен мүлік салығын есептеу үшін айқындалған өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.


Соңғы жаңалықтар