Жылжымалы пошта байланысы шалғайдағы елді мекендерге қызмет көрсетпек - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданындағы шалғай орналасқан сегіз елді мекеннің халқы "Қазпошта" АҚ қызметін аудан орталығына бармай-ақ, тұрғылықты жерінде көруге қол жеткізіп отыр.

Енді Зеренді аудандық пошта торабы аудан орталығынан алшақ орналасқан елді мекендерге қызмет көрсетпек. Осы мақсатта брондалған арнайы көлік клиенттерге қызмет көрсету үшін қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Салон ішінде компьютер үстелі, брондалған сейф және автономды жарық, жылу көздері мен кондиционер бар. Автокөлік арнайы тапсырыс бойынша пошта бөлімшелері жабылып қалған әлеуеті төмен елді мекендердегі халыққа қызмет көрсету үшін ұйымдастырылып отыр. Мұндағы оператор тиісінше халыққа қызмет көрсетпек.

«Пошта байланысының жылжымалы бөлімшесі аптасына бес рет сапарға шығып, халыққа бандерол, сәлемдеме жеткізеді, сондай-ақ, бұл түрлі корреспонденциялар жіберіп, төлемдер жасауға мүмкіндік береді», - дейді аудандық пошта байланысы торабының басшысы Хамза Бекенов.

Соңғы жаңалықтар