+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Жылыту маусымы қашан басталады - вице-министр жауабы

2019 жылғы 18 қыркүйек 19:02
Бөлісіңіз:
Жылыту маусымы қашан басталады - вице-министр жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жылудың қашан берілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бірқатар үйге жылу беру тоқтатылады Жамбылда жылыту маусымы басталды Жамбылда бюджеттік нысандары жылыту маусымына 100 пайыз дайын

«Қазақстанда жылыту маусымы әлеуметтік инфрақұрылым үшін - шамамен 1 қазанда, тұрғын үйлер үшін – 15 қазанда басталады. Және әлеуметтік инфрақұрылым үшін – 25 сәуірде, тұрғын үйлер үшін – 15 сәуірде тоқтатылады. Бірақ бұл – қатып қалған қағида емес», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мамандар ауа райының өзгеруіне қарай шешім қабылдайды.

«Температуралық параметрлерге сүйенеміз. Үш-бес күн бойы ауа температурасы +8 +10 градусқа дейін төмендесе, жылу берілуі тиіс. Сәуір айында да үш-бес күн аралығында ауа райы +8 +10 градустан әрі қарай жылыса, жылу беру тоқтатылады», - деді Қ. Өскенбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT