Жылыой ауданының жастары боксшы Қанат Исламмен кездесті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың  Жылыой ауданына  жастар күніне орай,  кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының және әлем чемпионаттарының жүлдегері Қанат Ислам келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекеттің шақыртуымен салтанат сарайында өткен еркін форматтағы жиын жастарға арнайы ұйымдастырылды.

«Қазіргі кезде жастардың бос уақыты көп. Оны тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Жастарға үлгі болып, ақыл айтар кім бар? дегенде ең алдымен олар Қанат Исламның келгенін қалады. Бүгін сол аудан жастарының өтінішін орындап, қазақтың батырына айналған Қанат Исламды арнайы шақырттым», - деді аудан әкімі А.Бекет.

Кездесу барысында боксшы өзінің өмір жолы туралы, кездестірген қиындықтар мен оларды жеңу жолдары жайында кеңірек айтып кетті. Одан бөлек, көптеген сұрақтар қойылып, тіпті Қанат ағаларына арнап аудан жастары жыр жолдарын арнады.

null

null
null

null

Соңғы жаңалықтар