Жылына миллионнан аса адам зорлық-зомбылықтан көз жұмады - БҰҰ
Тлаленг Мофокенгтің сөзіне қарағанда, зорлық-зомбылық әр түрлі формада көрінеді: мысалы, пандемия кезінде адамдарды оқшаулау нәтижесінде күшейген әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлі де кең таралған. Зорлық-зомбылық пен қатыгездік көптеген демократиялық елдерде де, диктаторлық режимі бар елдерде де полицияның іс-әрекетінде қалыпты жағдайға айналды. Зорлық-зомбылыққа балалар, қарттар мен мүгедектер ұшырап жатыр.
Сарапшы зорлық-зомбылық дискриминацияның басқа түрлері бітпегендіктен болып жатыр деп санайды.
«Патриархалды, нәсілшіл, капиталистік, гомофобиялық, трансфобиялық және эйблистік (мүмкіндігі шектеулі адамдарға қарсы бағытталған) қысым түрлері зорлық-зомбылыққа әкеп соқтырады», - деді баяндамашы.
Жыл сайын әлемде зорлық-зомбылыққа байланысты жарақаттан 1,25 миллион адам қайтыс болады. Көптеген зорлық-зомбылық құрбандары өмір бойы мүгедек болып қалады немесе созылмалы және психикалық ауруға ұшырайды.
ДДҰ мәліметі бойынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылық өлімге, ауыр жарақатқа әкелуі, ми мен жүйке жүйесінің, когнитивті дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар жиі темекі шегіп, алкоголь мен есірткі пайдаланады.