+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Жылы жаққа ұшатын құстардың бағыты бойынша құс тұмауына қарсы екпе жасалады

2020 жылғы 17 қыркүйек 18:30
Бөлісіңіз:
Жылы жаққа ұшатын құстардың бағыты бойынша құс тұмауына қарсы екпе жасалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация құс фабрикаларынан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Құс тұмауы салдарын жою, ветеринария мамандарына грант: Үкімет шешімі қандай Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркелді Құс тұмауы салдарынан шығынды өтеуге қосымша қаражат керек - Сапархан Омаров

Құс тұмауы қоздырғышын республиканың басқа өңірлеріне тарап кету қаупін болдырмау үшін ҚР АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының РФ шекаралас аудандарында, сондай-ақ Ақмола облысының кейбір аудандарында вакцинациялауды бастау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына сәйкес жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларынан 20 км радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жеке аулаларда үй құстарын вакцинациялау көзделген.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысының құс фабрикаларында құс өлімі фактілері тіркелген жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, жоғары патогенді құс тұмауының таралуына қарсы Солтүстік Қазақстан облысында: құстардың өлекселерін жою, үй-жайлар мен аула аумақтарын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, өңірге құстарды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы отандық 873 мың препарат бөлінді.

Елімізде бүгіннен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданынан тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды шығаруға уақытша шектеулер енгізілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ өлген үй құстарының иелеріне келтірілген шығын құнын орташа айлық нарықтық баға негізінде төлейтінін, бағаны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия анықтайтынын мәлімдеді.

Өтемақы алу үшін өлген үй жанауарларының иелері өтініш беруі керек. Ақшалай қаражат картаға аударылады. Бұл ретте, зардап шеккен жануарлардың өлекселеріне комиссиялық акті жасалып, ресми түрде тіркелуі қажет.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауының ошағы анықталғанын, құс тұмауының белең алуына байланысты 10 елдімекеннің карантинге жабылғанын айтқан едік.

Осыған байланысты СҚО-да үй құстарына құс тұмауына қарсы вакцина егілетін болды. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі СҚО-да құс тұмауынан қырылған үй жануарлары үшін өтемақы төленетінін хабарлады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT