Жылусыз қалған әр пәтердің батареясы жаңаланады - Екібастұз әкімдігі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұздағы жылусыз қалған әр пәтердің жылу батареясы жаңаланады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук БАҚ өкілдеріне осылай жауап берді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында журналистер ел арасында жылусыз қалған пәтерлерге жылу батареясы жетпей жатқаны, сондықтан әкімдік пәтерлер арасында жылу тасымалдайтын магистраль құбырды ғана жаңалайтыны туралы әңгіме тарағанын айтты.

«Мүлдем шындыққа жанаспайды. Екібастұз тұрғындарына бүгінгі таңда жылу батареясы бәріне жететінін айтқым келеді. Түсінікті болу үшін айтайын, бүгін таңертең 2500 батарея әкелінді. Оған дейінгі екі күнде 850 батареяны ауыстырғанбыз. Сондықтан, істен шыққан батареялардың кейбірін сол күйі қалдыру керектігі туралы ешқандай бұйрық болған жоқ. Бұл ақылға қонбайды», - деді Олег Крук.


Соңғы жаңалықтар