Жылуға 300 мың теңге қарыз болған Қостанай тұрғыны қамауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының тұрғыны жылуға төлемеген қарызы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 22 қаңтардағы жағдай бойынша қостанайлықтың жылу алдындағы берешегі 300 мың теңгеден асты.

«Осылайша, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 669-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Нәтижесінде, әкімшілік соттың шешімімен 1 күн мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік тәртіпке келтірілді», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар