Жылу үшін 500-ақ теңгені төлеп отыруға болады - Жеңіс Қасымбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің көппәтерлі үйлерге орнатылатын есептеу құралдарының пайдасын түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, көппәтерді үйдің жалпы жылуын есептейтін приборларды орнату арқылы ай сайынғы төлемақыны 36 процентке азайтуға болады. Мәселен, 60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтердің жылуы үшін ақының көлемі орташа есеппен 2 720 теңгеге дейін төмендейді. Ал республика бойынша жыл сайын 32,5 млрд теңгені үнемдеп отыруға мүмкіндік бар. "Осы орайда Ақтөбе қаласында жалпыүйлік жылуды есептеу приборы мен автоматты жылу пунктін орнатқаннан кейінгі үнемдеу шараларын мысал ретінде келтіруге болады. Өткен жылы 29,8 шаршы метрлік пәтердің қазан айындағы жылуы үшін 3 547 теңге төленді. Жылуды есептеу приборы мен автоматты жылу пунктін орнатқаннан кейін 2018 жылдың қазан айында жылыту құны 466 теңгені құрады, яғни үнемделген қаржының көлемі - 3 081 теңгені немесе 86,8 процент", - деді Ж.Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің мәліметіне сәйкес, республика бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерде есептеу құрылғыларын орнату көрсеткіші 45 процентті құрайды. 50 мыңға жуық үйге арнайы приборлар орнатылды, енді тағы 62 мың прибор қажет. "Жалпыүйлік жылуды есептеу приборлары мен автоматты жылу пункттерін толық масштабта енгізу үшін екінші деңгейдегі банктердің инвестициялары мен қаражатын тарту бойынша құжаттар дайындалып жатыр", - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар