Жылу магистраліндегі апат жойылып, 144 көпқабатты үйге жылу беріле бастады
Үйлерді жылумен қамту толық көлемде қалпына келтірілді. Барлық жөндеу жұмыстары тұтынушыларды жылудан өшірмей жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсанда Оңтүстік-Шығыстағы автобекет маңында жылу магистралінің су беруші құбырында ақау пайда болды. Шұғыл режимде бұл учаскі өшіріліп, жөндеуге енгізілді.
Апат салдарынан 30-шы, «ЖТК», «Степной - 1, -2, -3, -4» шағын аудандарындағы 144 көпқабатты үй мен 32 нысан жылумен қамтудың төмендетілген режиміне ауыстырылды. Апат салдарын жоюға жер асты желісінің қатты сулануы мен температурасы 80-90 градусты құраған судан шыққан бу қатты кедергі келтірген. Ақау орнында үш апаттық-қалыпқа келтіру бригадасы жұмыс істеді.
Жылумен қамтуға қатысты сұрақтармен Қазыбек би атындағы әкімдіктің диспетчерлік қызметіне келесі телефон нөмірлерге хабарласуға болады: 41-13-53.