Жылу есептеу құралдарын орнату үшін республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге қаржы бөлінді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елімізде жылу есептеу құралдарын орнату үшін республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы ҚР Өңірлік даму министрлігінің және «ТКШ жаңғырту және дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен Көкшетау қаласында өткен кездесуде айтылды.

Кездесуге ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, қала әкімдігі, энергетика және коммуналдық шаруашылығын жаңғырту басқармасының басшылары қатысып, жылу есептеу құралдарын қаржылай лизингке орнату мәселесін кеңінен талқылады..

Сондай-ақ, бүгінгі күні пәтер иелерінің жалпы үйде жылу есептеу құралдарының болуы міндетті ҚР заңнамаларында көрсетілгені де сөз болды.

«Статистикалық деректерге қарағанда, қазіргі кезде елімізде жылу есептеу құралдарын орнату көрсеткіші 21 пайыз шамасында ғана. Осы орайда, жылу есептеу құралдарын орнату бұл негізінен тұтынушылар үшін қолайлы екенін айта кеткен жөн. Өйткені, тұрғындар тек тұтынған энергиясы үшін ғана ақы төлейтін болады», - дейді «ТКШ жаңғырту және дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Анатолий Шкарупа.

Елімізде жылу есептеу құрылғыларын орнату үшін республикалық бюджеттен 8 миллиард қаржы бөлінді. Жылу есептеу аспаптары қаржылық лизинг бойынша орнатылса, ақысы «ТКШ дамыту қоры» ЖШС есебінен төленіп, жылумен жабдықтау ұйымдары арқылы қайтарылады.

Мұндағы орнатылған жылу есептеу құралдарының құны тұрғындардың коммуналдық қызмет ақысын төлеу есепшотына 4 жылға бөлінеді. Ай сайынғы төлейтін жарна пәтер аумағына байланысты 100-150 теңге шамасында болып отыр.

Соңғы жаңалықтар