Жылу электр орталығындағы өрт ауыздықталды – Риддер

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жылу электр орталығындағы өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Риддер қаласында жылу электр орталығындағы өрт өшірілді.

«19 қаңтарда сағат 06:54-те «Риддер ЖЭО» АҚ отынмен қамтамасыз ету цехында өрт шыққан. Дәл осы сәтте тілсіз жау ауыздықталды. Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ. Жанармаймен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жұмыстары басталды», - делінген ақпаратта.

Ресми дерекке сүйенсек, жылу желісінің температурасы уақытша төмендетіледі. Осы оқиғаға орай төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық штабтың отырысы өткізілмек. Қызыл жалынның нақты неден шыққаны әлі айтылмады.

Еске салсақ, осыған дейін Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар