Жылу берудегі проблема: Ақтауда сабақтар 10 минутқа қысқартылды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда оқушылар сабақты жарты сағаттан оқиды. Бұған оқу кабинеттерінің салқындығы себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қалалық білім бөлімі мамандарының айтуынша, жылу беру қысымының төмендеуіне байланысты қаладағы білім беру ұйымдарының оқу кабинеттері салқын.

«Оқу процесін үзбеу мақсатында білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен бірлесіп сабақ уақытының ұзақтығын 30 минутқа дейін қысқарту келісілді. Құрметті ата-аналар және қала тұрғындары, балаларды мектепке жылы киіндіріп жіберуді сұраймыз», - деді Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінен.

Маңғыстау облысының Білім басқармасынан мәлім еткендей, сабақтар Ақтау мектептерінде ғана қысқартылып оқытылуда. «Бұл мәселенің өңірдің басқа мектептеріне қатысы жоқ», - деді ведомстводан.

Аталған мәселе Ақтау қаласы әкімдігінің бақылауына алынды.


Соңғы жаңалықтар