Жылқыдан қашпақ болған жүк көлігі автобусқа соғысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жылқы малымен байланысты болған жол-көлік оқиғасы кезінде 12 адам мерт болды, деп хабарлайды lenta.ru.

Қытайда ірі жол апаты болды. Жүк көлігі мен автобус соғысып, 12 адам мерт болды, 28 адам дене жарақаттарын алды. Бұл туралы жексенбі, 25 қыркүйек күні The China Morning Post хабарлаған.

Қайғылы оқиға Якеши қаласында болған. Жолда келе жатқан жүк көлігінің алдынан жылқы шыға келген. Малдан қашпақ болып, жолдың қарсы жолағына шыққан көлік автобусқа соғылған.

Мерт болған азаматтардың барлығы автобустың жолаушылары. Тағы 5 адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді және олардың жағдайлары да мүшкіл.

Соңғы жаңалықтар