Жылқы атып алған барымташылар ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  «Шалдай-Павлодар» автожолында полиция қызметкерлері рейд жүргізу кезінде түн ішінде 54 жастағы ер адам тізгіндеген «Ауди» көлігін ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көліктің ішінде 43 жастағы жолаушы болған. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүксалғыштан тиісті құжаттары жоқ терісімен бірге жылқының бір бөлігін және ұсақ калибрлі «ТО3-8» маркалы қару,  калибрі 5,6 мм екі гильза мен арқан, металл күршек, үш пышақ алып шықты. Жауап алған кезде жүргізуші бір бас жылқыны  Шығыс Қазақстан облысында  жайылым жерде белгісіз адамдардан сатып алғанын айтқан», - дейді департаментте.

Бұдан бөлек, тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің Аққулы ауданында жергілікті тұрғынға тиесілі бір жылқыны атып алғанын анықтады. Олар пышақ және балтаның көмегімен жылқыны бөліп тастаған. Дегенмен етті саудаға жіберіп үлгермеген. Көліктің жүксалғышына салып алып, қалаға бет алған. Күдіктілерден ішкі істер органдарында тіркелмеген қару алынды.

ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша және ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес оқ пен қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау, сатып алу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар