Жылдың үздік әншілері Billboard сыйлығымен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Billboard» америкалық журналы «Billboard Music Awards» сыйлығын тапсыру салтанатында жылдың үздік әншілерінің есімдерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаның басты «Үздік әртіс» аталымында канадалық рэпер және продюсер Drake (Обри Дрейк Грэм) топ жарды. Сонымен қатар Drake «Үздік әнші», «Үздік рэп-орындаушы», «Үздік радио әртісі», «Billboard 200 үздік әртісі», «Hot 100 үздік әртісі» және «Streaming Songs үздік әртісі» атанды.

«Ең үздік жас әнші» аталымында рэпер Juice WRLD (Жаред Хиггинс) жеңіске жетті.

«Үздік рок-орындаушы» номинациясы бойынша марапатқа американдық «Imagine Dragons» тобы ие болды.

«Billboard Music Awards» жобасы тұңыш рет 1990 жылы өткізілген. Үздік орындаушыларды марапаттайтын шара АҚШ-тың «Grammy» және «American Music Awards» сияқты ең ірі жобаларының қатарында.

Автор: Ә. Асқар

Соңғы жаңалықтар