Жылдың басынан бері алкогольдік өнімнің заңсыз айналымы бағытында 38 қылмыстық іс қозғалды

None
None
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жылдың басынан бері қаржы полициясы органдары алкогольдік өнімнің заңсыз айналымы бағытында 38 қылмыстық іс қозғалды.

 

 Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «3 өндіруші-зауытта есепке алынбаған алкогольдік өнімді жасау фактілері анықталды. Жалған есепке-алу бақылау маркаларымен таңбаланған алкогольдік өнім шығаратын 6 астыртын цехтың қызметі әшкереленд»,,-деді ресми өкіл.

 Оның айтуынша, Алматы және Ақмола облыстарында екі жасырын зауыттың қызметі анықталған.

 М. Жұманбай барлығы алкогольдік өнімнің заңсыз айналымынан 179 млн.теңгенің өнімі тәркіленгенін,  өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 149  млн.теңгені құрағанын айтып өтті.

 «Жалпы жылдың басынан бері 2 миллионнан астам жалған есепке-алу бақылау маркалары тәркіленді»,-деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар