Жылдық инфляция 7% дейін төмендеді – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыз айында жылдық инфляция азық-түлік заттарының төмендеуі есебінен 7,1%-тен 7%-ке дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда тұтынушылық сұраныстың баяулауы және әлемдік нарықтарда азық-түлік тауарлары бағасының төмендеу ықтималдылығы дезинфляциялық әсер береді. Биылғы тамызда жылдық инфляция азық-түлік заттарының төмендеуі есебінен 7,1%-тен 7%-ке дейін төмендеді. Соңғы 2 жылда алғаш рет азық-түлік тауарларының тобында 0,2% айлық дефляция болды. Жеміс-көкөніс өнімдеріне бағаның маусымдық төмендеуімен қатар ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар, жұмыртқа бағасының өсу қарқынының айтарлықтай баяулауы байқалды», - деді Е. Досаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі 2020 жылғы шілдедегі 11,3%-пен салыстырғанда 10,9%-ке дейін баяулаған.

«Азық-түлікке жатпайтын тауар бағасының жылдық өсуі жанар-жағармай бағасының төмендеуі кезінде 5,5% болды, ал ақылы қызметтер жылдық көрсетуде коммуналдық қызметтер мен көлік қызметі тарифтерінің өсуі аясында шілдедегі 3,2%-тен ағымдағы жылғы тамыздағы 3,4%-ке дейін өсті», - дейді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар