Жылда саяхатшылар 5,5 мың тонна пластмассалық қоқыс тастап кететін Дубай бірреттік пластиктен бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде жыл сайын 300 миллион тоннадан астам пластик өндіріледі.

Ал табиғатқа қауіпті заттармен күрес пластмасса пайдалануды шектеуден басталады. Көптеген елдер, қалалар мен аймақтар алдына осындай мақсат қойды. Оның ішінде Дубай да бар, деп хабарлайды euronews.com.

Іскерлік және қонақүй кешені айналасында орналасқан Халықаралық Дубай әуежайы арқылы жыл сайын 90 миллион жолаушы өтеді. Саяхатшылар нөпірі 5,5 мың тонна пластикалық зат тастап кетеді. Енді жағдай өзгермек: жаңа жылдан бастап әуежай терминалдарында бірреттік пластик заттарды пайдалануға тыйым салынды.

Әуежайдың артынша, Дубайдағы 700 қонақүй өздерінің столдары мен барларынан пластик бөтелкелерді ысырып, оларды шыныға алмастырып жатыр.

Қонақүй нөмірінің кілті ретінде пайдаланылатын пластикалық карталар да келмеске кетеді, олардың орнын ағаш негізінде жасалғандары алмастырады.







Соңғы жаңалықтар