+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Жыландар, өрмекшілер: Теміртау тұрғыны экзотикалық бизнес ашты

2021 жылғы 4 тамыз 22:24
Бөлісіңіз:
Жыландар, өрмекшілер: Теміртау тұрғыны экзотикалық бизнес ашты

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда «Экзотикалық жәндіктер» ерекше бизнес-жобасы жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында хобби отбасылық бизнеске айналды. Сергей мен Лидия Маляровтар қалалық саябақта Қазақстанның және басқа да елдердің жәндіктер әлемі ұсынылған көрме ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын 109 оқу орталығы жұмыс істеп тұр Бастау бизнес: Алматыда 277 адам мемлекеттік қолдауға ие болды Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — ВАК отырысы өтті

Бала кезінен Сергей фаунаға жақын болған. Ол мектеп жасында жыланды қалай ұстап, үйге әкелгенін есіне алады. Бірақ хоббиімен байланысты емес мамандықты таңдаған. Он бес жыл металлургия зауытында жұмыс істеген. Содан кейін ол пәтерлерді жөндеумен айналысты.

Хоббиі қалды. Ол үйінде тарақандар, өрмекшілер, кесірткелер мен жыландардың үлкен коллекциясын жинаған.

Экзотикалық бизнес-идеяны әйелі Лидия ұсынды. Оның кәсіпкерлікте де тәжірибесі жоқ.

«Мен Астанадан Теміртауға келдім. Елордада шаштараз болып жұмыс істедім. Үш жыл бұрын мен Сергеймен таныстым және бірге тұруды шештік. Достарымыздан «Бастау бизнес« бағдарламасы туралы білдік. Курстарға жазылып, оқудан өттік. Бизнес-жобаны қорғап, грант алдық. Күйеуім оның коллекциясын әркім көре алатындай көрме ашуды армандады. Енді – бұл біздің отбасылық ісіміз», – дейді Лидия Малярова.

Ерекше идея, әрине, комиссияны таңғалдырды. Бірақ жоба бағаланды, мақұлданды. Ұсынылған ақшаға Маляровтар террариумдар мен үстелдер жасау үшін материалдар сатып алды. Оларды өздері жинап, залды безендірді.

Жаңа бастаған кәсіпкерлер оларға қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіруде. Мәдениет бөлімі арқылы «Восток» қалалық саябағының аумағында үй-жайларды жалға алу туралы келісімге қол жеткізілді.

Экспозицияда Қазақстанда өмір сүретін шаяндар мен геккон кесірткелерінің бірнеше түрі бар. Дала агамасы ұсынылған. Террариумдардың бірін жыртқыш қоңыздардың үлкен отбасы алды. Коллекция иесінің айтуынша, жасыл бақа Сәтбаевтан, су жыланы Жезқазғаннан әкелінген. Қола қоңыз Теміртау маңында жиналды.

Келушілер сондай-ақ камуфляж шебері – таяқша қоңызды көре алады. Автомобиль-тарақандар да бар.

Биыл Маляровтар Қызылқұм шөліне экспедицияға барып, коллекцияға бірнеше жаңа үлгілер жинап алып келді.

Жобаның іске қосылғанына бір жыл да толған жоқ, алайда оның негізін қалаушылар индустрия құруды көздеп отыр.

«Біз Қазақстандағы жәндіктер әлемінің байлығын көрсеткіміз келеді. Бұл балалар үшін де, ересектер үшін де пайдалы. Шетелдік туристер үшін де қызықты болады деп ойлаймын. Қарағандыда көрме павильонын ашамыз деп үміттенеміз. Біздің жобамыздың басқа да мүмкіндіктері бар – ғылыммен ынтымақтастық. Қарағанды университетімен серіктестік орнатуға үлкен ықылас бар. Студенттік тәжірибе үшін өз базамызды беруге дайынбыз. Бірлескен зерттеу жобаларын дамытуға болар еді», – деп жоспарларымен бөлісті Сергей Маляров.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT