+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Жыл соңына қарай инфляция 8,5% жетуі мүмкін – Ұлттық банк

2021 жылғы 14 қыркүйек 10:45
Бөлісіңіз:
Жыл соңына қарай инфляция 8,5% жетуі мүмкін – Ұлттық банк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі жыл аяғына дейін елдегі инфляция 7,5%-8,5% дәлізіне баратынын болжап отыр. Бұл туралы банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміз өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер қалай қалыптасты Зейнетақы жинақтарын пайдалану шетел валютасына сұранысты арттырды – ҰБ Ерболат Досаев: Инфляциялық қысымның негізгі көзі – Ресейдегі ахуал

«Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 7,3%-ке дейін 0,1 пайыздық тармаққа өсті. Өндірушілер бағаның өсімі және сұраныстың қалпына келуі аясында жанар-жағармай бағасының өсуі жалғасуда. Бұл киім-кешек және аяқ киім бағасының да өсуін жеделдетеді. Олардың азық-түлікке жатпайтын инфляцияға үлесі осы жылдың мамыр-тамыз айларында 0,94 пайыздық тармақты құрады», - деген Ерболат Досаев ақылы қызметтер инфляциясының тамызда 6,6%-ке дейін өсуі тарифтерді көтергенін атады.

«Шекті тарифтердің көтерілуіне байланысты электр энергиясы бағасының өсуі 10,1%-ті құрады. Сұранысты қалпына келтіру аясында тұрғын үйді жалға алу бағасы, қоғамдық тамақтану, газ және жолаушылар әуе тасымалы бағасы өсті. Болжамдық раундтың қорытындысы бойынша Ұлттық Банк биылғы жылдың соңына қарай инфляция 7,5%-8,5% дәлізінде қалыптасады деп күтуде. Оның төменгі шекарасы Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыруды ескере отырып айқындалған», - деді Ұлттық банк басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT