Жыл соңына қарай Бурабай ауданындағы ірі сүт фермасы іске қосылады

None
None
АСТАНА. Қазанның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Ағымдағы жылдың желтоқсан айына қарай Ақмола облысы Бурабай ауданындағы «Есіл‑Агро» ЖШС‑ның сүт өнімдерін шығаратын ірі фермасының бірінші кезегі іске қосылады.

Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағымдағы жылдың желтоқсан айына қарай «Есіл‑Агро» ЖШС сүт өнімдерін шығаратын ірі фермасының бірінші кезегі пайдалануға беріледі. 1 мың 200 бас сауын сиырларды ұстап тұруға есептелген фермада жылына 9 мың 600 тонна сүт өндіріледі деп жоспарланған. «ҚазАгро» холдингі қаржыландырған аталған ферма құрылысы 2008 жылы басталып, жобаның жалпы мөлшері 1 млрд. 648 млн. теңгені құрады», делінген баспасөз айғағында.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасы аясында «ҚазАгро» холдингі А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми‑өндірістік орталығына 2 млрд. 697,4 млн. теңге бөліп, оған 146 872 гектар тұқым себілген. Оның ішінде бидай  129 807 гектарға, арпа 14 076 гектарға, көпжылдық шөптесіндер 2 мың 989 гектарға себілген.

Соңғы жаңалықтар