+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Жыл соңына дейін жаңа денсаулық сақтау бағдарламасы қабылданады

2019 жылғы 19 тамыз 13:27
Бөлісіңіз:
Жыл соңына дейін жаңа денсаулық сақтау бағдарламасы қабылданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарлама туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Денсаулық сақтау министрі елімізде катамнез орталықтарын құруды тапсырды Таразда трансфузиялық медицина бойынша халықаралық конференция өтеді СҚО-да  JCI әлемдік стандартына сай алғашқы аурухана салынады

Жаңа бағдарламаны ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы әзірлеп жатыр.

«Мұнда «Денсаулық туралы кодексті» қайта жазып шықтық деуге болады. Және онда келесі жаздан бастап күшіне енетін жаңа төрт екпін көрсетілген. Мәселен, қоғамдық денсаулықты қадағалау қызметі, азаматтардың ынтымақтық жауапкершілігі мәселелері қозғалды. Біздің қоғамда науқастың денсаулығына да, оның өмір салтына да дәрігер жауапты. Дәл осы менталитетті өзіндік сана-сезімге алмастырғымыз келеді. Медициналық қызметкерлердің мәртебесін көтеру де - маңызды фактор. Электронды денсаулық сақтауды дамытуда ақпараттың қолды болмауын қамтамасыз еткен жөн», - деді ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова Республикалық денсаулық сақтау орталығында өткен кездесуде.

Оның айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарлама желтоқсан айында бекітіліп, 2020 жылы енгізіледі.

«Біз ең басты үш міндетті айқындадық. Алғаш рет мемлекеттік бағдарлама ғана емес, алдағы алты жылға денсаулық сақтаудың қаржылық моделін құрып отырмыз. Біз ЖІӨ шығындарын 5% дейін ұлғайтамыз. Шығындардың басым бөлігі медициналық қызметтерге жұмсалады. Біз мемлекеттен алдағы бірнеше жылға денсаулық сақтау шығындарын ұлғайтуды сұрадық. Саяси тұрғыда тым асқақ естілгенімен, Президент қолдады», - деді А. Айыпханова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT