Жыл соңына дейін Жамбыл облысында 2 564 пәтердің құрылысы аяқталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Жамбыл облысында 155,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аудан орталықтары мен Тараз қаласында жаңа массивтер мен мөлтек аудандар бой көтеруде. Жалпы, жыл басынан бері 155,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 698,7 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыруда жоспарлап отырмыз. Бүгінде құны 13,2 млрд теңгені құрайтын 3 929 пәтерлі 74 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 2 564 пәтерлі 45 үйі биыл тапсырылады», - деп мәлім етті Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Сонымен бірге, спикер өңір жастарының баспана мәселесін шешуге бағытталған «Әулие ата жастары» бағадарламасының орындалу барысына тоқталды.

«Бағдарлама аясында былтыр 40 жас отбасы 500 млн теңгеге баспаналы болса, биыл 2 млрд теңгеге 140 жасқа пәтер кілтін беруді көздеп отырмыз. Біз тұрғын үй мәселесін тек бюджет қаражаты есебінен ғана емес, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлі «Асар» тәсіліне де ден қойдық. Мәселен, жоба басталғалы асарлатқан ағайынның көмегімен 338 мұқтаж жерлесіміз баспаналы болса, биыл 105 отбасына қуаныш сыйласақ деген ниетіміз бар», - деді Нұржан Нұржігітов.

Әкімінің сөзінше, жыл соңына дейін әлеуметтік осал топтағы отбасыларға жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге 797 пәтер сатып алып беру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар