Жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалауға қатысты нақты шаралар қабылданады - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ветеринария саласын да жетілдіру қажет. Бұл салада орталық пен өңірлер арасында міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес», - деп қадай айтты Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент бұл салада жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс екенін атап өтті. Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау әрі оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шараларын ескеру керек.

«Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек», - деді Қ. Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар