+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Жыл соңына дейін Түркістанда 52 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

2019 жылғы 23 қазан 14:30
Бөлісіңіз:
Жыл соңына дейін Түркістанда 52 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

НҰР-СҰЛТАН - ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың соңына дейін аталған өңірде 52 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілсе, оның жетеуінің құрылысы алдағы 10 қарашаға дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңаарқада тұтас бір шағынауданның құрылысы жүріп жатыр Президент: Ақмолада «Нұрлы жер» арқылы 8 мыңнан астам отбасының баспана мәселесі шешілді Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

«Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы 2 351 пәтерлік 52 тұрғын үйдің (135,6 мың шаршы метр) құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 33,8 мың шаршы метрді құрайтын 660 пәтерлік жалға берілетін 11 тұрғын үйдің құрылысы маусым айында аяқталып, мемлекеттік қабылдаудан өтті. Халыққа беруге дайын деп айтуға болады. Сонымен қоса, бүгінде «Түркістан Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы салынып жатқан барлығы 336 пәтерлік 6 үй қолданысқа тапсырылды», -деді Ө.Шөкеев.

Әкімнің сөзіне сенсек, 10 қарашаға дейін 205 пәтерді құрайтын 7 үйдің құрылысын аяқтауға мүмкіндік бар.

«Одан бөлек, 540 пәтерлік 9 тұрғын үй желтоқсан айында пайдалануға беріледі, онымен қоса жеке инвесторлар арқылы алынып жатқан 26 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Біздің жоспар бойынша, қалған 610 пәтерлік 19 үй жыл соңына дейін өз иесін табуы тиіс. Сонымен қатар, 7 қабаттан тұратын 24 тұрғын үйдің құрылысы жуырда ғана басталды», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өңір басшысы Арыс қаласының бүгінгі жағдайы туралы айтып берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT