USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Жыл соңына дейін төрт телеарна арқылы 11 тарихи сериал көрерменге жол тартады

2021 жылғы 2 желтоқсан 19:53
Бөлісіңіз:
Жыл соңына дейін төрт телеарна арқылы 11 тарихи сериал көрерменге жол тартады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл соңына дейін 4 телеарна арқылы 11 тарихи сериал көрерменге жол тартады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Kazmedia орталығында өткен тарихи сериалдардың таныстырылымында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түсіріліп жатқан сериалдарға тағдыры арқау болған тұлғалардың бәрінің де арманы - елді тәуелсіздікке жеткізу еді. Осы жолда бастарын бәйгеге тікті. Сондықтан ұлт мақтаныштарының өнегелі өмір жолын көрсету арқылы біз жас ұрпақтың рухын көтеріп, тәуелсіздігіміздің құнын ұғындыра аламыз. Президент тапсырмасын орындау аясында ұлттық арна осы шараны ұйымдастырып отыр. Телеарна басшылығына, Ләззат Мұратқызы мен ұжымға алғыс айтамыз», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік телеарналар ұсынатын контенттің 30 пайызы тарих тақырыбына арналып отырғанын мәлім етті.

«Бүгінде тарихи жобалар мемлекеттік телеарналар ұсынатын өнімнің 30 пайызын құрайды. Жыл соңына дейін тарихи бағыттағы 11 сериал көрермен назарына ұсынылады. Атап айтсақ, ұлттық арнада «Домалақ ана», «Жәңгір хан. Сарай сыры», «Домалақ ана», «Қаныш. Қазына», «Тәшенев. Тайталас», «Ахмет. Ұлт ұстазы» хикаялары, «Хабар» арнасында «Бұлбұл әнші Роза Бағланова», 31-арнада «Жамбыл Жабаев», Almaty арнасында «Тұрар Рысқұлов» сериалдары көрсетіледі. Бұлардың бәрі көрермен көңілінен шығып, жоғары баға алады деп сенемін. Бұл туындылардың таныстырылымын жылдағыдай жабық форматта да өткізуге болатын еді. Десе де, тарихи сериалдардың маңызын ескере отырып, арнайы шара ұйымдастырдық», - деп түйіндеді Аида Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT