Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Жыл соңына дейін тағы 70 мемқызмет автоматтандырылады

2018 жылғы 6 желтоқсан 11:41 147
Бөлісіңіз:
Жыл соңына дейін тағы 70 мемқызмет автоматтандырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 70 мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Назгүл Бажаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
8 мың ақтөбелік туу туралы куәлікті ұялы телефон арқылы рәсімдеген «Сергек» жол-көлік оқиғаларын 16% төмендетті

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның цифрлық трансформациясы: Бастапқы қадам» атты дөңгелек үстел барысында ол «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелерін таныстырды.

«2019 жылы біз мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын автоматтандыруымыз қажет. Ағымдағы жылдың өзінде 454 қызмет автоматтандырылды. Жылдың соңында дейін 70 қызмет автоматтандырылатын болады. 9 млн адам өз беттерінде электронды  қызметтерді алды. Бізде проактивті жне композитивті қызметтер енгізілген», - деді департамент басшысы.

Назгүл Бажаева әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселесіне тоқталып, enbek.kz  еңбек биржасының құрылғандығын, аталған сайтқа тіркеліп жұмыс табуға мүмкіншілік жасалғанын айтты.  Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын цифрландыруға тоқталды.

«Қазіргі уақытта емханаларды цифрландыру  жүргізіліп жатыр. Көрсеткіштерге көз салар болсақ, 13 млн азаматтың бүгінде электронды паспорты бар», деді ол.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар бизнестің, мемлекеттік органдардың және Қазақстан халқының цифрлық технологияларға өту дайындығын, цифрлық технологиялардың қазақстандық ІТ-индустриясы дамуына әсерін, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ағымдағы нәтижелерін, оны іске асыру барысында анықталған қиындықтарды талқылауда.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT