USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Жыл соңына дейін студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі

2021 жылғы 7 қазан 12:32
Бөлісіңіз:
Жыл соңына дейін студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл соңына дейін елімізде студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжілісте мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі көтерілді Депутаттар утиль жинау алымына мораторий жариялауды сұрады «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы пысықталмаған шешімдер жасай бастады - Аманжан Жамалов

«Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасы аясында 2020 жылы 20 мың төсек-орынға арналған 75 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, биыл жыл басынан бастап 3 мың төсек-орынға арналған 15 жатақхана пайдалануға берілген еді», - деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның мәліметінше, 2021 жылдың соңына дейін жасалған алдын ала шарттар есебінен 5,5 мың төсек-орынға арналған 23 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған.

«Бұдан басқа, сегіз оқу орны тұрғын үй-жайларды жалға алу есебінен 2 мыңға жуық төсек-орынға қажеттілікті қамтамасыз етіп отыр. Ал, 2022 жылы 24 мыңға жуық орындық 59 жатақхананы, 2023 жылы 11,5 мың орындық 25 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда», - деді Ералы Тоғжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT