Жыл соңына дейін ішкі туристердің саны 8 млн адамға жетеді - комитет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл соңына дейін ішкі туристердің саны 8 млн адамға жетуі мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков аталған салада жыл соңына қарай күтілетін нәтижелерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туристік сала биыл екі жылдық үзілістен кейін қарқынды дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер санының рекордтық көрсеткіші тіркелді, 6,9 млн адам. Бұл тіпті пандемияға дейінгі кезеңнен де жоғары. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі туристер саны өткен жылға қарағанда 50 пайызға жоғары екенін ескере отырып, жыл соңына дейін ішкі туристердің саны 8 млн адамға дейін өседі деп жоспарлап отырмыз», - деді Дастан Рыспеков.

Комитет төрағасының мәліметінше, биылғы 6 айда елімізге 1,3 млн шетелдік турист келген. Оларға қонақ үйлерде көрсетілген қызмет көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе артқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі туристік саланы дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеген болатын. Оған сәйкес, алдағы 4 жылда жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесі кемінде 8,2 пайызға жетеді


Соңғы жаңалықтар