Жыл соңына дейін инфляция 7 пайыздық шектен аспауы тиіс - Статистика агенттігінің төрағасы Ә.Смайылов

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 16-сы ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жыл соңына дейін инфляция 7 пайыздық шектен аспауы тиіс. Бұл жайында бүгін баспасөз мәслихаты барысында Стаистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасының айтуынша, елімізде ағымдағы жылдың 10 айында инфляция 5,1, ал тек қазан айында 0,4 пайызды құраған. Осы орайда ол өткен жылғы инфляциямен салыстырғанда осы жылы инфляциялық үрдістің біршама қысқарғандығын атап өтті.

Жалпы ағымдағы 9 айда өнеркәсіп өндірісі 99,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 9 пайызға өссе, құрылыс саласы 6,4, бөлшек сауда тауар айналымы 9,7 пайызға  кеміген. Сонымен қатар екінші тоқсаннан бастап шикі мұнай, табиғи  газ, уран, мұнай өнімдерін өндіру біршама артқан.

«Бес аймақ бойынша, атап айтқанда Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өнеркәсіп өндірістерінің ұлғаюы байқалады», деді Ә.Смайылов.

Соңғы жаңалықтар