Жыл соңына дейін елордаға 100 электроавтобус жеткізіледі
2022 жылғы 17 тамыз 12:55

Жыл соңына дейін елордаға 100 электроавтобус жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордаға қосымша 400 автобус керек. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі жыл бұрын 100 электроавтобус сатып алған едік. Қазір оның несиесін жауып отырмыз. Енді бізге қосымша 400 қоғамдық көлік керек. Тұрғындармен кездесу кезінде автобустар мәселесі жиі көтеріліп келеді. Сондықтан біз үш инвесторды шақырдық. Оның біреуі келісіп, жыл соңына дейін 100 электроавтобусты өз қаражатына алып келеді. Ол өз қаражатына автобус паркін де салды», - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Осы орайда ол қоғамдық көлік саласын дамыту үшін тиісті субсидияны жыл сайын беру керек екенін жеткізді.

«Бұл тұрғыда мемлекеттік бюджетті үнемдейміз, яғни автобус сатып алмаймыз. Қоғамдық көлікті инвесторлар өз қаражатына алуы керек, ал біз субсидия бөлеміз», - деді әкім.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

Алтай Көлгінов қаладағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша мердігерге қатаң талаптар қойылғанын айтты.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін елордадағы негізгі жолдар жөндеуден өтеді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT