Жыл соңына дейін елімізде тағы екі жүз мың жұмыс орны ашылады ‑ Елбасы

None
None
А. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл соңына дейін елімізде тағы екі жүз мың жұмыс орны ашылады. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми‑тәжірибелік конференцияның бірінші күнінде сөз сөйлеген Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Ата заң бұл - еліміздің экономикалық өмірін реттеп тұратын барлық заңнамалық базаның негізі. Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ салық, зейнеткерлік реформаларын жүзеге асырды «Сандар әлемді басқармайды, бірақ оның қалай басқарылып отырғанын көрсетеді», демекші фактілердің өзі біраз жайтты аңғартады. Ұлттық экономикамызға жүз млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Тек жаңа жиырма бірінші ғасырдың жеті жылы ішінде біздің экономикамыз екі еселенді. Бұнымен қоса, соңғы он бес жылда ЖІӨ жеті жүз доллардан сегіз мың долларға дейін, яғни он бір есе артты », деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, Елбасы әлемдік экономиканың қарқыны төмендеген дағдарыс жылдарында да Қазақстанның экономикасы жағымды өсімге қол жеткізгенін айтты. Президент сондай‑ақ, бүгінгі күні қуатты экономикалық өсімнің жаңғырғанын, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында ЖІӨ ауқымы сегіз пайызға артқанын, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер өсіп отырғанын атап өтті. «Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік сипат туралы конституциялық қағидаттары жаһандық экономикалық дағдарыс салдарымен күрес барысындағы қиын кезеңде де толық көрініс тапты. Ең бастысы қарапайым адамдарға көмек көрсетілді. Тек былтырғы жылғы дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында төрт жүз мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Дағдарыс әлемдегі ең шарықтау шегіне жеткен кезеңде біз жұмыссыздықты арттырғанымыз жоқ, керісінше төмендеттік. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы екі жүз мың жұмыс орны ашылады», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар