Жыл соңына дейін елімізде 3G байланысы іске қосылады - Үкімет басшысы

None
None
анның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -Жыл соңына дейін елімізде 3G байланысы іске қосылады.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Электрондық Үкімет бастамалары» халықаралық конференциясында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне әскери жиілікті  азаматтық салаға ауыстырып, 3G секторын дамытуды жүктедім. Меніңше, осыған біздің дайындық деңгейіміз жеткілікті», деді Премьер-Министр.

Аталған байланыс түрін іске қосып, бұл шаралар толығымен орындалу үшін тисті жұмыстар атқарылып отырғанына тоқталған К. Мәсімов «осыған орай жыл соңына дейін Қорғаныс министрлігімен аталған агенттік арасында бұл мәселенің шешімін жасауды тапсырамын» деді.

Соңғы жаңалықтар