Жыл соңына дейін алматылықтардың 98 пайызы орталық су жүйесіне қосылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2020 жылдың соңына дейін Алматы тұрғындарының 98 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Алатау ауданындағы «Самғау» және «Ақбұлақ» ықшамауданында, Медеу ауданына қарасты «Думан» шағынауданында, сондай-ақ Алмалы ауданындағы Аренский көшесінде № 25-№ 30 үйлерді сумен жабдықтау инженерлік желілерін жүргізу жұмысы аяқталды. Қазір желіде суды іске қосу процесі жүріп жатыр. Тұтынушылар «Алматы су» мекемесімен шартқа отырып, желілерге қосылуы қажет», – дейді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Алатау ауданындағы «Шапағат», «Алғабас», «Өжет» ықшамаудандарында, Бостандық ауданына қарасты «Көкшоқы», Медеу ауданы бойынша «Көлсай», Түрксібке қарасты «Қайрат» және Жетісу ауданындағы «Кемел» ықшамауданы мен Қазыбаев көшесіндегі үйлерге су жеткізетін инженерлік желілер құрылысы аяқталады.

«Бұдан бөлек, Алатау ауданындағы «Томирис», «Шаңырақ-2», «Ұлжан-1» ықшамаудандарында кәріздік сорғы стансасын орнату жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Осылайша, Алматы тұрғындарын орталықтандырылған су жүйесіне қосу 98% жетеді немесе шамамен 1 878 500 адам сумен қамтылады», – дейді Бақытжан Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар