Жыл соңына дейін 89 млн тонна мұнай өндіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ел алдында селекторлық режимде есеп беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстан 90 млн тоннаға жуық мұнай өндірмек.

«Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 36,5 млн тонна мұнай өндірілді. Яғни, жоспар 101% орындалды. Үш ірі жоба бойынша 21,7 млн тонна мұнай өндірілді. Қашағанда - 4,24 млн тонна, Теңізде - 12,48 млн тонна Қарашығанақта - 4,97 млн тонна өндірілді. Биыл мұнай өндіру көлемі 89 млн тонна болады», - дейді Қанат Бозымбаев «ҚазМедиа» орталығында.

Энергетика министрі Қашағандағы жөндеу жұмыстары мұнай өндіру бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік бергенін айтады.

«Қашағанда жөндеу жұмыстары мерзімінен 10 күн бұрын аяқталды. Ағымдағы жылдың 14 сәуір мен 19 мамыр аралығында өндіріс толық тоқтатылған болатын. Теңіз және жерүсті құрылыстарында техникалық жұмыстар жүргізілді. Жөндеу аяқталған соң өндіру көлемі тәулігіне 400 мың баррельге жетті. Бұл - рекордты көрсеткіш. Негізі бұл межеге жылдың соңында жетеміз деп жопарлаған болатынбыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар