Жыл соңына дейін 4G желісі тұрғындар саны 50 мыңнан асатын барлық қалада қолжетімді болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың соңында тұрғындар саны 50 мыңнан асатын еліміздің барлық қаласында 4G технологияларының базасындағы байланыс қолжетімді болады.

Ал 2018 жылы бұл қызмет барлық аудан орталықтарында іске қосылады.

Бұдан бөлек, елімізде кең жолақты интернетке қол жеткізген абоненттердің саны 9,9 миллионға жетіп отыр.

Ал ұялы байланыс абонеттерінің көлемі 28,1 миллионды құрады. Қазақстанның ұялы байланыс нарығында бүгінде төрт GSM-операторлары («Кселл»АҚ, «КаР-Тел» және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Алтел» АҚ) өз қызметтерін ұсынып келді.

Мұнымен қоса, Қазақстанның ақпараттық коммуникация саласындағы «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телехабар тарату желісінің пайдаланушылары 700 мың отбасыдан асты. Бұл өз кезегінде 2,5 млн. адамды қамтып отыр.

Сонымен қатар сандық эфирлік телеарна 3,5 млн. адамды қамтитын 370 елді мекенде қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар