Жыл соңына дейін 150 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады - Астана әкімі

None
None
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2008-2010 жылдардағы тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік бағдарлама аясында биылғы жылдың қараша айында 146 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы басталады.  Бұл туралы бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан кеңесте елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті,

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

 Тұрғын үй құрылысы бойынша Астанада мемлекеттік бағдарлама екі бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқанына тоқталған әкім, «біріншісі. 2005-2007 жылдардағы мемлекеттің бағдарлама аясында өткен жылдары 212 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Оның ішінде жоспардан қалыс қалу 165 мың шаршы метрді құрайды. Биылғы жылдың соңына дейін осының 62 мың шаршы метрі пайдалануға беріледі. Бұлар үшінші және алтыншы қала кешендерінде орналасқан. Ал бесінші қала кешені мен «Степной» шағынауданындағы тұрғын үй кешеніндегі қалған 103 мың шаршы метр 2010 жылы пайдалануға берілмек», деді.

 И. Тасмағамбетовтың айтуынша, 2008-2010 жылдардағы мемлекеттік бағдарлама бойынша 458 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Оның ішінде 312 мың шаршы метрдің құрылысы басталды. Сондай-ақ 2009 жылдың қарашасында 146 мың шаршы метрдің құрылысы жүзеге асырылады. «Жыл соңына дейін осы бағдарлама бойынша 150 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады. Ал қалған 380 мың шаршы метрі 2010 жылы пайдалануға берілмек», дейді Астана әкімі.

Соңғы жаңалықтар