Жыл сайын отбасылық жанжал бойынша полицияға 100 мыңнан астам шағым түседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл сайын полицияға отбасылық жанжалдар бойынша 100 мыңнан астам шақыру түседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу - ҚР отбасылық-демографиялық саясатының өзекті мәселесі. Азаматтарға қатысты дене жарақаты, сексуалдық, психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылық жасалады. Алайда, бүгінгі күні полицияның әрекеттері зардап шегушінің еркіне байланысты, ол көбінесе «агрессорлар» мен жақын туыстарының қысымына тәуелді. Жыл сайын полицияға отбасылық жанжалдар бойынша 100 мыңнан астам шақыру келіп түседі», - деп мәлім етті Ренат Зұлқайыров.

Қоса кетсек, кеше Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Қазақстан аумағында жасалған қылмыстардың 80 пайызы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты екенін мәлімдеп еді.


Соңғы жаңалықтар