Жыл сайын Орталық Азияның мәдени астанасын таңдап отырайық – Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияны әлемге біртұтас мәдени кеңістік ретінде танытуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірді біртұтас мәдени кеңістік ретінде таныту үшін жыл сайын Орталық Азияның «мәдени атанасын» таңдап отыруды ұсынамын.

Бүгінгі Саммиттің қорытындысы өңірлік кооперацияның бейбітшілік пен қауіпсіздік, прогресс жолында дамуының жаңа парағын ашады деп есептеймін. Қазақта сөз бар: «Татулық – таусылмас бақыт», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан басшысы бұл бағыттағы байланыстарды нығайтуға аймақ елдерінің тарихи тамырластығы кеңінен мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Елдеріміздің уақыт сынынан өткен бауырмал әрі сенімге құрылған қарым-қатынасы, ортақ тарихи және рухани тамырымыз өзара достықтың сарқылмас қайнары боларына сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтіп жатыр.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысуда.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барғанын жазған болатынбыз.

Фото: mfa.gov.kg


Соңғы жаңалықтар