Жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам төтенше жағдай тіркеледі -министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркеледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің қызметінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыс ерекше маңызды болып табылады. Құрамына өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, ұшқыштар кіретін қызметкерлер төтенше жағдайларды жояды, өрттерді сөндіреді, адамдар мен мүлікті құтқарады.

ТЖ қызметтерінің жұмыс істеген жылдары (1995-2020 жылдар аралығында) төтенше жағдайлар мен өртті сөндіру кезінде 1 млн 353 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың қызметі, кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 374 мыңнан астам адам құтқарылды, 334 мыңнан астам ТЖ аймағынан эвакуацияланды, 55 мыңнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркеледі, оның ішінде 15 мың өрт болады. ТЖ аймағынан құтқарушылар 8 мың азаматты құтқарады, 20 мыңнан астам адамды эвакуациялайды, 4,5 мың зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі.


2020 жылдың басынан бастап құтқару бөлімшелері өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарына 53 мың шығуды жүзеге асырды, 11 мың адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 14 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 3 мың зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Еске салсақ, бүгін қазақстандықтар Құтраушылар күнін атап өтуде.


Соңғы жаңалықтар