Жыл сайын өкпенің қатерлі ісігі анықталған 3,5-4 мың қазақстандық есепке алынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник дәрігер маман ретінде вейпке қатысты өз ұстанымын айтты. Оның пікірінше, олардан арылу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің дәрігер ретіндегі ұстанымым және жалпы Денсаулық сақтау министрлігінің темекі шегуге және әсіресе вейпке мүлдем қарсы. Біздің елде вейпке тыйым салынады деп үміттенеміз. Темекі шегу ешқандай оң нәтиже бермейді, тек денсаулыққа зиян келтіреді. Тікелей айтайық, темекі шегу -өлімге әкелетін у», - деп мәлім етті Вячеслав Дудник ОКҚ-де өткен брифингіде.

Оның айтуынша, статистикаға сәйкес, темекі шегушілердің тек 2%-ы ғана 40 жылдан аса өмір сүреді.

«Орташа алғанда, темекі шегушілер қарапайым азаматтарға қарағанда 8 жылға аз өмір сүреді. Темекі шегушілердің әйелдері орта есеппен екі жылға аз өмір сүреді, өйткені олар пассивті темекі шегушілер. Егер отбасында біреу темекі шегетін болса, онда балалар 50% жағдайда созылмалы және спецификалық емес өкпе ауруларымен ауырады. Тікелей айтайық – вейптерден арылу керек. Елімізде орта есеппен жыл сайын өкпенің қатерлі ісігі анықталған 3,5-4 мың науқас есепке аламыз», - деді Вячеслав Дудник.

Еске салайық, таяуда Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау елімізде вейптерді сатуға тыйым салу бастамасын көтерген болатын.


Соңғы жаңалықтар