Жыл сайын көпбалалы 20 мың әйел жұмыспен қамтылады - Ералы Тоғжанов
2022 жылғы 26 мамыр 12:10

Жыл сайын көпбалалы 20 мың әйел жұмыспен қамтылады - Ералы Тоғжанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көпбалалы аналарға үй жағдайында табыс табуға мүмкіндік жасалады. Бұл туралы Сенатта «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыруды талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар бағдарламада халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының тұрақты табысын қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар қаралған. Атап айтқанда, көпбалалы, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға үй жағдайында табыс табуға мүмкіндік жасау ескерілген. Жоба аясында әйелдер еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстан өтіп, өз ісін ашуға қатысты тегін консультациялар алады. Нәтижесінде, жыл сайын 20 мың әйелді жұмыспен қамту жоспарланған», - деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, бұл жұмыстарды Аналар кеңесі үйлестіреді және өңірлердегі отбасыларды қолдау орталықтары жүргізіледі.

Сонымен қатар, осы бағытта мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту тетіктері жетілдірілетін болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Е. Тоғжанов «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобындағы өндіріс жұмысшыларының жалақасы көтерілетінін айтты.

Экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 2025 жылға дейін 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT