Жыл сайын кәсіпорындарда өнеркәсіптік жарақаттан шамамен 200 адам көз жұмады – Алтай Көлгінов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл сайын еліміздегі кәсіпорындарда 2 мың адам жарақат алады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан KIOSH 2023 Халықаралық конференциясына қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы кәсіпорындарда өнеркәсіптік жарақаттану көрсеткіші жоғары. Жыл сайын 2 мың адам жарақат алады. Оның ішінде шамамен 200 адам көз жұмады. Мәселен, «ВостокЦветМет» ЖШС-де өнеркәсіптік жарақаттану 3 есе өсті. Атап айтқанда, 3 адамнан былтыр 18 адамға дейін жоғарылады. Былтыр «Казцинк» компаниясында жарақат алу деңгейі 2 есе артты. Яғни, 15 адамнан 35 адамға дейін. Өткен жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да өлімге әкеліп соққан жарақаттану деңгейі 44%-ға өскен», - деп тоқталды Алтай Көлгінов.


Сонымен қатар ол жұмыс берушілер тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтауға және оны азайтуға ықпал ететін жағдай жасауға жеткілікті көңіл бөлінбейтінін айтты.


Соңғы жаңалықтар