Жыл сайын еліміздің 500 ғалымы әлемнің жетекші орталығында тағылымдамадан өтпек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл сайын 500 қазақстандық ғалымды әлемнің жетекші орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберу қажет. Бұл ұсыныс «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының жобасына айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жас кадрлардың ғылымға келуін ынталандыру үшін жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына 500 қазақстандық ғалымды тағылымдамадан өтуге жіберу ұсынылады. Оларды академиялық жазуға, ағылшын тіліне, цифрлық дағдыларға, ғылыми өтінімдерді әзірлеуге және басқа да қажетті құзыреттер мен дағдыларға үйрету, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтарды ғылыми ұйымдарға тарту қажет. Ғылыми ұйымдарға жас кадрлардың келуін арттыру мақсатында «Жас ғалым» жобасы мен ғылыми ұйымдарды интеграциялау арқылы магистрлер мен философия докторларын (PhD) даярлау жалғасады», - деп көрсетілген консультативтік құжатта.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, бұл ретте техникалық мамандықтар гранттар саны ұлғаяды. Бұған қоса, жас ғалымдар қатарынан ғылым менеджерлерінің кадрлық резерві құрылады.

Соңғы жаңалықтар