Жыл сайын елімізде заңсыз сақталған 5 мыңға тарта қару тәркіленеді - Ішкі істер министрі

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда азаматтық қарудың 300 мыңнан астам иелері тіркелген.

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Травматикалық қару:заңнамалық реттеу мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары азаматтық және қызметтік қару саласында осы қаруларды иелену, жеке қолдануға алу көрсеткіші арту үрдісіне ие болып отыр. «Қазір елімізде 300 мыңнан астам азаматтық қарудың иелері тіркелген. Олардың қолында ресми түрде 330 мыңға тарта қару, 1,5 мыңға тарта заңды тұлғаларда 30,5 мың қызметтік қару бар болып отыр. Оның 13,5 мыңы иір ойықты оқпанды қару» - деді Қ. Қасымов.

Министрдің сөзіне қарағанда, алдын алу шаралары аясында қару иелерін тексеру, қарулардың сақталуын қамтамасыз ету, уақтылы тіркеу мен қайта тіркеу шаралары жүргізіліп отырады. Алайда, соған қарамастан қарудың заңсыз айналымы айтарлықтай алаңдатарлық жағдайда. «Жыл сайын заңсыз сақталып отырған қарудың 5 мыңға жуық бірлігі алынады. Ал заңсыз сақталған қаруларды сатып алуға қатысты акция барысында 2008 жылы - 22 мың бірлік, 2012 жылы 15 мың бірлік қару сатып алынды», - дейді Қ. Қасымов.

Соңғы жаңалықтар