Жыл сайын «Атамекен» палатасына кәсіпкерлерден 4,2 мыңға жуық шағым түседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров кәсіпкерлерден түсетін шағымның статистикасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық палатаға жылына 4,2 мыңға жуық арыз-шағым келіп түседі. Өтініштер әртүрлі салаларға қатысты. Егер кәсіпкерлердің сотқа шағымдарының статистикасын зерттейтін болсақ, онда негізінен қылмыстық қудалау проблемалары, қылмыстық қудалау шеңберіне тарту, салық, жер қатынастары, сәулет саласындағы мәселелер жиі ұшырасады», - деді Ербол Өстеміров Бас прокуратура ғимаратында өтіп бизнес өкілдерімен кездесуде.

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алу процестерінде түрлі кедергілерге тап келіп жатқанын атап өтті.

«Негізінен кәсіпкерлер қудалау органдарының тарапынан салық төлеу, мемлекеттік сатып алу саласында көптеген мәселелерге тап болады. Уәкілетті органдар мемлекеттік құрылымдарда жүргізетін тексеру кәсіпкерлердің мүддесін де қамтиды. Өйткені олар мемлекеттік сатып алу аясында қызмет көрсетеді немесе тауар жеткізеді», - деді ұлттық палата өкілі.



Соңғы жаңалықтар