Жыл сайын әскери шеруіміздің сәні де, мәні де өзгешеленіп келеді -Халық қаһарманы Б. Ертаев

None
None
амыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Жыл сайын әскери шеруіміздің сәні де, мәні де өзгешеленіп келеді. Бүгін ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы әскери шеруден кейін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Ауғанстан соғысының ардагері, генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев осылай мәлім етті.

«Бүгін Қазақстанның жүрегі - Астанада, Ата заңымыздың 15 жылдығы құрметіне арналған салтанатты әскери шеру болып өтті. Осы шеру арқылы бүткіл еліміз Отанымыздың қорғаныс түрінің күшейіп, нығайғанын көрді, сарбаздарымыздың отан қорғау даярлығының куәсі болды, әскери шеберлікті тамашалады. Жалпы, біз Отанымызды қорғайтын күштің мығым екенін айта аламыз. Біздің Әнұранымыз «Алтын күн аспаны» деп басталса, байрағымыз да соған сәйкестеліп көк аспандағы «алтын күнмен», қыранымен айшықталып тұр. Сондықтан да, бұндай Туымыз жығылмайды деп ойлаймын, оны қорғайтын күштеріміз жоғары деңгейде», деді Б. Ертаев.

Сонымен бірге, генерал-лейтенат Б. Ертаев әскери шеруге қатысты еш баға бермейтінін айтып, «жалпы, жыл сайын біздің әскери шеруіміздің сәні де, түрі де, мәні де өзгешеленіп, тура елімізбен бірге құлпырып келеді», деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар