Жыл сайын әлемде 58 млн. адам көз жұмады

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісі депутаты Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Онда Қазақстандағы паллиативтік көмек көрсету мәселелері талқыланды.

«Паллиативтік көмек дегеніміз не дегенге келсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауынша, бұл - емдеуге ырық бермейтін, яғни ауруы жеңе бастаған науқасқа белсенді әрі жан-жақты көмек көрсету. Бұл ретте аталмыш көмекті ұйымдастыру негізінен науқастың дертінің жанға батуын болдырмау, басқа да патологиялық жәрдемдермен қатар әлеуметтік, рухани көмектерді қарастыру болып табылады. Ондай адамдардың өмір сапасына барынша мән беру, науқастарды жан-жақты қолдау да маңызды болып табылады. Сондықтан да паллиативтік көмекті нақты қажеттілікке қарай көрсетіп тұрған маңызды», - деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі депутат Надежда Петухова. Оның айтуынша, әлемде жыл сайын 58 млн. адам көз жұмады, оның 45 миллионы дамушы елдерде орын алады. Ал 12,7 миллион адамға жыл сайын қатерлі ісік диагнозы қойылады. Сол қатерлі ісіктен жыл сайын 7,6 млн. адам қайтыс болады.

«40 миллион адам АИТВ/ЖИТС ауруына шалдығып, өмір сүруде. 2009 жылы әлемде 9,4 млн. адам туберкулез ауруының жаңа түрін жұқтырған. Бір жылда 1,7 млн адам туберкулезден көз жұмады. Қазір Қазақстанда 144 мың адам онкологиялық дертке шалдыққаны белгілі, елімізде жыл сайын 30 мың адамның дертке шалдыққаны анықталады. Қазір 24 мың адам туберкулезбен ауырады», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар