Жыл сайын 5 мың шақырым жергілікті жол жөнделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл сайын 5 мың шақырым жергілікті жол жөнделеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Автожол саласында қазіргі уақытта »Нұрлы жол« мемлекеттік бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту жұмыстары аяқталуда. Бағдарлама аясында елдің бірыңғай көлік жүйесі қалыптасады», - деді ол бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, өңіраралық инфрақұрылымды жүйелі дамыту үшін жергілікті жерлердегі автожолдарды қаржыландыруға жыл сайын паритеттік негізде 200 млрд теңге бөлінеді.

«Бұл жергілікті автомобиль жолдарының жай-күйінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 2025 жылға қарай 68 пайыздан 95 пайызға дейін жеткізіп, жыл сайын 5 мың шақырымнан астам жолды жөндеу жұмыстарымен қамтуға мүмкіндік береді», - деді Жеңіс Қасымбек.


Соңғы жаңалықтар